Юнктад

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юнктад (UNCTAD – Unіted Natіons Conference on Trade and Development – БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы) – БҰҰ Бас Ассамблеясының халықаралық сауда ұйымы болып табылмайтын органы. 1964 ж. құрылған‚ оған 168 ел мүше. Негізгі міндеттері: халықар. сауданы‚ мемлекеттер арасындағы тең құқықты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу‚ халықар. экон. қатынастардың жұмыс істеуі жөнінде жан-жақты ұсыныстар әзірлеу‚ т.б. Жұмыстың топтық әдісі бойынша мүше мемлекеттер әлеум.-экон. және геогр. қағидаттар бойынша төрт топқа бөлінген. ЮНКТАД шешімдері қарарлар немесе мәлімдемелер нысанында қабылданады және ұсыныс сипатында болады. Бұл ұйымның қамқорлығымен көп тарапты келісімдер мен конвенциялар әзірленеді‚ оның жұмысына бірқатар халықар. ұйымдар қатысады. Жоғары органы – Сауда және даму жөніндегі Конференция мен Кеңес‚ оның шеңберінде алты комитет жұмыс істейді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}