Юлия Леонидовна Латынина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Latynina Yulia.jpg
Юлия Латынина, 2010

Юлия Леонидовна ЛатынинаРесей жазушысы, журналист.

Өмірбаяны

1966 жылы 16 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Анасы – әдеби сыншы және журналист Алла Николаевна Латынина, әкесі – ақын және прозаик Леонид Александрович Латынинин. 1988 жылы Латынинa М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. Филoлогия ғылымдарының кандитаты. Экономика маманы.

Әр жылда атқарған қызметтері:

  • 2000-2001 жылдары НТВ арнасындағы «Рублевая зона» бағдарламасының авторы.
  • 2001-2002 жылдары ОРТ арнасындағы «Другое время» бағдарламасының бастаушысы болады.
  • 2002-2003 жылдары ТВС арнасындағы «Есть мнение» бағдарламасының авторы болады.
  • Ren-TV арнасындағы «Неделя» бағдарламасының «Своими словами» айдарының авторы.

Қазіргі уақытта Латынина:

«Эхо Москвы» радиостанциясындағы «Код доступа» бағдарламасының авторы. Әр сенбі сайын сағат 19:08-де жарық көріп отырады.

  • «Ежедневный журнал» электронды баспасының колумнисті.

Әдеби шығармашылығы

Юлия Латынина 1990 жылдан бастап прозаик ретінде таныла бастайды. Оның алғашқы кітаптары Евгений Климович деген бүркеншік атымен жарық көре бастайды. Шығармалары «Октябрь», «Дружба народов», «Звезда», «Новый мир», «Знамя» журналдарында прозалық шығармалары жарияланып отырады. 1995 жылы «Проповедник» повесі үшін «Странник» сыйлығына лайық деп танылады. 1999 жылы «Вейская империя» романы үшін «Мраморный фавн» сыйлығының лауреаты болады.

Шығармалары

  • «Бомба для банкира»
  • «Сто полей»
  • «Бандит»
  • «Охота на изюбря»
  • «Инсайдер»
  • «Саранча»
  • «Земля войны»
  • «Нелдь»
  • «Не время для славы»
  • «Повесть о государыне Кассии».

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}