Юлиан Ленский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юлиан Ленский (Үлгі:Lang-pl; 1889 жыл 8 қаңтар - 1937 жыл 21 қыркүйек) - поляк және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері, публицист.

Еңбек жолы

1905 жылдан Поляк және Литва Корольдығы социал-демократиясының мүшесі. 1917 жылдан өмірінің ақырына дейін қоғамдық және мемлекеттік аппараттарда жауапты саяси қызметтер атқарды. 1924 жылы Француз Коммунистік партиясының органы «Юманите» газеті редакторларының бірі. 1925 жылдан Польшаның Коммунистік партиясы (ПКП) ОК мен Саяси бюросының мүшесі, 1929 жылғы маусымнан ПКП-інің бас хатшысы. Ол Коминтерннің жұмысына белсене араласты, 1929 жылдан оның президиум мүшесі болды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>