Юлдаш Абдықадырұлы Азаматов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юлдаш Абдықадырұлы Азаматов (8.6.1947 жылы туған, Панфилов ауданы, Жаркент қалысы) — жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001). 1971 ж. ҚазМУ-ді бітірді. 1971-1987 ж. "Ұйғыр авази" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, облыс партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1987 жылдан "Ұйғыр авази" газетінің бас редакторы. Орыс, қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. Әр жылдарда "Жоғалған пышақ", "Жәдігер атай", "Үміт", тағы басқа прозалық кітаптары жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлық лауреаты.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жетістіктері:

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан халықтары ассамблеясының, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі. ҚР Журналистика Академиясының академигі (2001). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2007), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}