Юлдашев Әріп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Юлдашев Әріп (1934 ж.т., Өзбекстан, Ташкент облысы) – химия ғылымының докторы (1979), профессор (1980). Ташкент политехникалық институтын бітірген соң (1956) осы институтта ассистент (1956–58), Өзбекстан ғылым академиясының пластмасса ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1958–61), полимерлер химиясы институтында кіші ғылыми қызметкер (1962–62), Ташкент медицина педиатрия институтында кафедра меңгерушісі (1972–74), Ташкент педагогика институтында кафедра меңгерушісі, декан (1974–80), Ташкент мемлекеттік педагогика институтында декан (1980–87), «Мирас» университетінде (1988–96), кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы нда кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 120 ғылыми жарияланымның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub