Эфиоп тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ethiopic genesis.jpg
Гәэз алфавитінде жазылған мәтіннен үзінді

Эфиоп тілі (өздерінше атауы – гыз, дәстүрлі атауы – гәэз) – өлі тіл. Қазіргі тигре мен тиграй (тигранья) тілдерімен қатар, семит-хамит тілдері шоғыры эфиоп тармағының оңтүстік-батыс семит тілдеріне жатады. Бұл тіл б.з.б. 5 ғасырда Эфиопияға оңтүстік Арабиядан қоныс аударған көшпелі халықтар арқылы тараған. 4 ғасырдан оңтүстік араб консонативті жазуы негізінде буын алфавиті қалыптасып, 4 – 7 ғасырларда Аксум империясының және кейінгі эфиоп мемлекеттерінің мемлекеттік тілі қызметін атқарған. 9 ғасырдан өзімен туыстас амхар тілі ығыстыра бастағанымен, Эфиоп тілі 13 – 20 ғасырларда шіркеу тілі ретінде христиан дінінің монофистік шіркеуінде қолданылып келді. Аксум дәуіріндегі Эфиоп тілінің ескерткіші белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты қойылған ескерткіш екені плитадағы жазбалардан белгілі. Әдеби тіл ретінде Эфиоп тілі 20 ғасырдың басына дейін сақталып келді. Бұл тіл Эфиопиядағы басқа тілдердің сөздік құрамын кітаби лексикамен, терминологиямен толықтыруда игі әсерін тигізді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 - том</ref> <ref>Крачковский И.Ю., Введение в эфиопскую филологию, Л., 1955;</ref> <ref>Старинин В.П., Эфиопский язык, М., 1967.,</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эфиоп тілі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}