Эуген Кватерник

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Eugen Kvaternik's portrait.jpg
Эуген Кватерник портреті

Эуген Кватерник (1825 жыл 31 қазан - 1871 жыл 11 қазан) - хорват саяси қайраткері, адвокат, публицист.

Саяси өмірі

Австрия-Венгрия езгісіне қарсы шыққаны үшін қуғындалды. 1857-1860, 1863-1867 жылдары Ресейді, Францияны, Италияны паналады. Кватерник «Хорватия және итальян конфедерациясы», «Саяси зерттеу» деген еңбектерінде хорваттардың ұлттық егеменділік құқығын дәлелдеді. 1871 жылы габсбургтерге қарсы көтеріліс кезінде өлтірілді. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>