Этностық мінез-құлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Этностық мінез-құлық - ру, тайпа, этностық қауымдастықтағы адамдардың ішкі жан дүниесінің ортақ бітістері. Этностық мінез-құлық — тарихи шындық және объективті фактор. Ол адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Этностық мінез-құлық ерекшеліктері, әр этносқа тән мінез-құлық ерекшелігінің болуы және оған жергілікті географиялық-климаттық жағдайлардың әсер етуі заңды құбылыс. Мінез-құлық бітісі географиялық жағдаймен, шаруашылық кәсіппен, тұрмыс-тіршілікпен, салт-дәстүр нормаларымен байланысты қалыптасып жетіледі. Этностық мінез-құлық өзгермейтін құбылыс емес.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}