Этникалық қоғамдастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Этникалық қоғамдастық (этнос) - тарихи пайда болған адамдардың әлеуметтік тұрақты топтастықтары, тайпа, халықтық, ұлттық түрде көрініс береді. "Этнос" термині "халық" терминіне жақын. Этнографиялық тұрғыдан кейбір жағдайларда бірнеше халықтан тұратын этнолингвистикалық топтарды (мысалы, орыстар, украиндықтар, поляктар және т.б. — славяндық этнографиялық қоғамдастықтар), тағы да халықтың ішіндегі ерекшеленген топтар (этнографиялық топтар). Этникалық ассимиляция — өздік этникалық санасының жоғалуы, басқа этноспен бірігуі және сол этносқа "сіңіп" кетуі. Этникааралық қатынастар — әртүрлі ұлт өкілдерінің, этникалық қоғамдастықтар араларындағы субъективті ахуал туғызатын қатынастар.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}