Энгельс Ғаббасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Энгельс Ғаббасов - 1937 жылы 17 қаңтар да Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Жазушы, Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001).

Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын 1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. Екі рет ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды.

1995 жылдан Қазақстан жазушылар одағының және халықаралық ПЕН-клубтың мүшесі. Батыс Қазақстан өңіріндегі сынақ полигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>


Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Шығармалары

  • «Жапандағы жалғыз ағаш» (1976),
  • «Өткен жаз бен осы қыста» (1979),
  • «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982),
  • «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983),
  • «Махаббат хикаясы» (1986),
  • «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}