Элмира Нұрланқызы Оразалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элмира Нұрланқызы Оразалиева (26.9.1971 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1996). 1993 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ университетінің филология факультетін бітірген. 1993—1995 ж. осы оқу орнында аспирант. 1995 ж. бастап Әл-Фараби атындағы ҚазМУ университетінің филология факультетіндегі жалпы тіл білімі кафедрасында оқытушы. 1996 ж. профессор A. С.Аманжоловтың жетекшілігімен Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркес теориясының қалыптасуы жөнінде кандидаттық диссертация қорғады.

Шығармалары:

  • Қазақ, тіл біліміндегі сөз тіркес теориясының қалыптасуы (ХІХ-XX ғ. 1920 жылдар). КДА., А., 1996.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}