Элеонора Абдумижетқызы Махпирова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Элеонора Абдумижетқызы Махпирова - 1986 жылы 3 наурызда Алматы қаласында туған. Анасы - Иминджанова Халида Нұрахунқызы, «Хато» ЖШС Сулулық технологиялары орталығының директоры. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің емдеу факультетін бітірген (2008), дәрігер. Қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін біледі.

Пауэрлифтинг бойынша жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы (2005). Пауэрлифтинг бойынша 4 мәрте ҚР абсолютті чемпионы және рекордшысы (2006-2007). Пауэрлифтинг бойынша Азияның 2 мәрте чемпионы және рекордшысы (2006-2007). Пауэрлифтинг бойынша 3 мәрте күміс жүлдегер және рөкордшысы (2006), Пауэрлифтинг бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2005-2007). Пауэрлифтинг бойынша Әлемнің абсолютті чемпионы (2007). Бүгінгі таңда жеке жаттығулар бойынша 3 әлемдік рекорд және үшсайыс сомасында орнатылған: 7 Азия рекорды және 12 Қазақстан рекорды.

Діни көзқарасы - исламды ұстанады.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - К. Мәсімов.
Хоббиі - пауэрлифтинг, спорт жайлы қысқа ертегілер.

Сүйіп оқитын әдебиеті - хирургиялық сырқаттармен, оларды зерттеу және емдеудің әдістерімен байланысты барлық кітаптар. Тұрмыс құрмаған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub