Элемент-органикалық қосылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЭЛЕМЕНТ-ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР – құрамында элемент – көміртек байланысы бар органикалық заттар. Э.-о. қ-дың реакциясы және қасиеттері негізінен элемент – көміртек байланысына тәуелді. Э.-о. қ-дың негізгі түрлеріне типтік алкильді (арильді) қосылыстар, ацеленидтер (Cu2C2), металл карбонилдері Nі(CO)4, т.б. жатады. Бір қосылыс құрамында бір-бірімен тікелей немесе көміртек атомдары арқылы байланысқан бір немесе әр түрлі элементтердің бірнеше атомдары (Lі2CH2 дилитийметан, кремний-органикалық қосылыстар) болады. Э.-о. қ-ды алудың тех. маңызды әдістері – металдар амальгамаларының галоген алкилдермен реакциясы, т.б. (тетраэтил қорғасын синтезі). Э.-о. қ-дың тіршілік әрекеті процестерінде маңызы зор. Мыс., фосфор-органик. қосылыстар адам мен жануарларда көмірсулар алмасуына қатысады. Күшәла, сүрме, алтын, қорғасын қосылыстары химиятерапияда, кремний қосылыстары жасанды каучук және жағар май өндірісінде, фосфор қосылыстары инсектицидтер ретінде, алюминий қосылыстары полимерлер синтезінде, магний, литий, мырыш қосылыстары органик. синтезде қолданылады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}