Электр тізбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электр тізбегі – электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы. Э. т-ндегі эл.-магн. процестер ЭІК-і, электр тогының күші мен кернеуі арқылы сипатталады. Полюстеріне потенциалдар айырмасы түсірілген қандай да бір екі қысқышты бір-бірімен қосатын (жалғастыратын) сым Э. т-нің қарапайым түріне жатады. Атқаратын міндетіне қарай Э. т-н: энергия не сигнал көзі бар бөлікке, қабылдағышы бар бөлікке және басқа бөліктерді өзара қосатын бөлікке ажыратуға болады. Э. т-ндегі өткізгіштер өзара тізбектей, параллель не аралас жалғастырылуы мүмкін. “Э. т.” ұғымы радиотехника, электртехника, бионикада, т.б. қолданылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}