Электрсинтез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электрсинтез – күрделі бейорганикалық немесе органикалық қосылыстарды электролиз әдісі арқылы алу. Э-де электрон беру және қосып алу көп сатыда жүзеге асады. Әр сатыда тұрақты немесе тұрақсыз бөлшектер түзілуі мүмкін. Э-дің әр сатысына электродтық потенциалдың белгілі бір мәні сәйкес келеді. Катодта жүретін реакциялар электртотықсыздану, ал анодта жүретін реакциялар электртотығу деп аталады. Мұнда анод ретінде платина, графит, ал катод ретінде сынап, қорғасын, мыс, никель, т.б. алынады. Электродтағы электр тогының тығызд. 1-ден 100 А/дм2-ге дейін, электролиттің темп-расы 20-дан 80С-қа дейін өзгереді. Өндірістегі бейорганик. тотықтырғыштарды (гипохлориттер, хлораттар, перхлораттар, HClO4, H2S2O3, KMnO4, MnO2, т.б) алу электртотығу процесіне негізделген. Органик. қосылыстарды электртотығу және электртотықсыздануды қатарынан қолдану арқылы алады. Мыс., анодта – себацин қышқылы, қорғасынның тетраалкилді туындылары, фторорганик. қосылыстар, ал катодта – адиподинитрил алынады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}