Электростатиканы қолдану
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түсініктемелер
Электростатика- бұл күнделікті өмірде бізге көбірек таныс,көруге және сезуге мүмкіндік беретін зарядтардың әсер ету құбылысы.Олардың кейбір мысалдары;
- Көшіру машиналары және лазерлік принтерлер.
- Дефибриллятор,зарядталған электродтар арқылы берілетін жоғарғы кернеудің көмегімен жүрек соғысын қалыпқа келтіру үшін қолданылады.
- Отын жанған кезде пайда болатын түтіннің бөлшектерін сүзіп алып жою үшін,шаңды ұстап қалу үшін электрофильтрлерді пайдаланады.
- Автомобильдерді электростатикалық күшті пайдалану арқылы бояуға болады.Оң зарядталған бояуды шашырататын заттар бояудың молекулаларын бір-бірінен тебілуге мәжбүрлейді,сол себепті бояу бірқалыпты жайылады. Автомобильдердің корпусы теріс зарядқа ие болғандықтан бояу оған тартылады.
- Пештерге арналған электростатикалық фильтрлерде ауаның құрамын шаңның бөлшектерінен тазарту үшін электростатикалық күш пайдаланылады.
Дереккөздер
1. ↑"Физика" балалар энциклопедиясы