Электронды кітап (құжат)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Мағына

Электронды кітап — кітаптың электронды (сандық) түрдегі нұсқасы. Аталмыш термин сандық түрде ұсынылған шығармалармен қатар, оларды оқуға арналған құрылғыларға да қолданылады.

Кітаптардың сандық нұсқаларын айрықшалау мақсатында ағылшын тілді елдерде осы терминмен қатар, қарапайым мәтіндік файлдарға негізделген ашық форматқа e-text (Үлгі:Lang-en) термині де қолданылады. Электронды мәтіндер қатарына, құрамына мәтіннен басқа растрлық кескіндер, мәліметтердің үлгілері, жаттығулар, сұрақтарды тудыратын мәселелерге талқыламасы жазылған электронды құралдарды да жатқызады.

Тарихы

1971 ж. Майкл Харт Иллинойс штаты университетінің операторларынан алып компьютер Xerox Sigma V-ті шексіз қолдануға рұқсат алған болатын. Осы жағдайды ұтымды әрі саналы түрде қолдану үшін, ол компьютерге АҚШ тәуелсіздігі Декларациясының мәтінін теріп алғашқы электронды кітапты жасап шығарады. Көптеген кітаптардың электронды көшірмелерін жасау жолымен, осылайша, «Гутенберг» жобасы бастау алады.<ref > http://www.guardian.co.uk/books/2011/sep/08/michael-hart-inventor-ebook-dies «Michael Hart, inventor of the ebook, dies aged 64» Alison Flood, The Guardian. 8 September 2011</ref>

Сурет:Michael Hart and Gregory Newby at HOPE Conference.jpg
«Гутенберг» жобасы бастамашылары Майкл Харт (сол жағындағысы) және Грегори Ньюби (оң жағындағысы) 2006 жылы.

Форматтар

Электронды кітаптар әртүрлі форматтағы файлдарда таралуы мүмкін, дәлірек айтқанда:

Кейбір форматтағы файлдардың (OpenDocument, PostScript, PDF, MS Word DOC және т.б.) мәтіннен бөлек расторлық және векторлық кескіндері болуы мүмкін.

Заманауи электронды кітап файлдары (мультимедиалық кітап) мәтіннен бөлек бірқатар қабылдау каналын қамтиды: дыбыстық-әуендік, кескіндік-динамикалық (фотосуреттер мен галереялар) және интерактивті-менталды.

Сурет:Reading on the bus train or transit.jpg
Қоғамдық көлікте электронды кітап оқып отырған әлдекім.

Қағаз бетіндегі кітаптардан артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары

  • көлемінің аздығы<ref name="30ben">Үлгі:Cite web</ref> (электронды, оптикалық және т.б. тасымалдаушыда ондаған және жүз мыңдаған кітапты сақтау мүмкіндігі);
  • толықмәтінді іздестіру мүмкіндігі (кітап мәтіні оқылған немесе басылған ғана болса);<ref name="30ben"/>
  • гарнитура мен қаріп кеглін тез әрі оңай ауыстыра алу мүмкіндігі;<ref name="30ben"/>
  • кітап мәтінін тыңдай алу мүмкіндігі (Үлгі:Lang-en, аудиокітап);<ref name="30ben"/>
  • жарықтың жеткіліксіз деңгейінде кітапты оқи алу мүмкіндігі (көмескі жарығы бар құрылғыларда);<ref name="30ben"/>
  • таралымның арзандығы (көп жағдайда компьютер желісімен таратылған ақпараттың көлемі немесе физикалық тасымалдауыш, мысалға компакт-дискі бағасы есептеледі).<ref name="30ben"/>
  • қағаз бетіндегі кітаптармен салыстырғанда шығару уақыты азырақ (салыстыру үшін:электронды кітап үшін - апта, қағаздағыға - жарты жыл)
  • экологиялық тазалығы әрі үнемділігі — ағаш жұмсалмайды.

Кемшіліктері

  • материалдық және безендіру элементтерінің эстетикалық құрамдас бөлік ретінде жоқтығы;
  • жаңа аппараттық немесе бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен ықтималды сәйкессіздігі (осыны алдын-алу үшін қарапайым немесе стандартталған ашық форматтары қолданылады);
  • кейбір құрылғылардың дисплейлері көзді тез шаршатады;
  • бүгінгі күнге шаққанда көпшілік құрылғы дисплейлерінің рұқсаттығындағы «кескін сапасы» қағаз жүзіндегі баламамен салыстырғанда әлдеқайда нашар;
  • тасымалдауыш құрылғының жұмыс уақыты батареясының көлеміне байланысты шектеулілігі;
  • суретті қағаз басылымдарын электронды нұсқаға өткізу көптеген ыңғайсыздықтарды тудырады (мысалға, өнер тарихы, фотоальбомдар, карталар жинағы және т.б. сол сындыс шығармалар).

Ішкі сілтемелер

Ескертулер

<references/>

Сілтемелер