Электронды журнал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электронды журнал

Қазіргі кезде біраз мектептер оқушылардың білімін рейтингтік әдіспен бағалайды, яғни сабақта оқушылардың біліміне балл қойылады. Тоқсан аяғында арнайы формула бойынша қорытынды баға шығарылады. Әр баланың қорытынды бағасын есептеу біраз уақыт алады. Мұғалімге көмек ретінде Excel программасында электронды журнал жобасы жасалынып, Қарағанды қаласының “Дарын” мектебінде сынақтан өтті. Журналды пайдаланған мұғалімдер көп уақытын үнемдейді. Оқушының рейтингісі әр баға қойылған сайын дайын тұрады, негізгі журналға қойылатын бағалар ұсынылады. Қосымша бағандар қосу үшін Вставка - Добавить столбец командасын орындаймыз, алып тастау үшін Вставка удалить столбец. Журнал Word 2003 негізделіп жасалынған. Оқу үлгерімі мен білім сапасы да есептеліп тұрады. Максималды баллды таңдау мүмкіндігі бар, яғни сабақта максималды балл 10 болса, бақылау кезінде максималды балл 20 деп қоя аламыз. Журналда максималды баллды 10, 15, 20 - ға ауыстыра аламыз. Рейтинг былай есептеледі: (жалпы баллдардың қосындысы)/ (максималды баллдар қосындысы) *100 Журнал бойынша ұсыныстарыңыз болса, комментарийге жазыңыздар. Журналдын бұл версиясы 2013 жылдың маусым айына дейін жұмыс істейді.

Сілтемелер

http://predmet.kz/kz_laws_art/17-elektrondy-zhurnal.html