Электрондық коммерция орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрылу тарихы және жалпы мәліметтер

2003 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті "Электрондық коммерция орталығы" (www.ecc.kz) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құрылды. 2007 жылы "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" құрамына еншілес компания ретінде кірді және "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС болып қайта құрылды. 2008 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен Орталық электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып айқындалды. Осы жылы Орталық құрылған "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" құрамына кірді. 2009 жылы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» ЖШС-мен бірікті. 2010 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС ақпараттандыру саласында ұлттық оператор мәртебесіне ие болды. Бүгін компания мемлекеттік құрылымдар үшін IT саласындағы ірімасштабты ықпалдандырылған шешімдерді іске асыруда.

Қызмет бағыттары

Электрондық коммерция орталығының негізгі қызмет бағыттары болып:

  • электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (веб-портал www.goszakup.gov.kz);
  • мемлекеттік сатып алу саласында бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді дайындау, енгізу және сүйемелдеу;
  • қаржылық ақпараттық жүйелер және қорлар бойынша ҚР «электрондық үкімет» инфрақұрылымы жобалық интеграторының қызметтерін орындау;
  • қаржылық ақпараттық жүйелер және қорлар бойынша ҚР «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу;
  • электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша оқытуды ұйымдастыру, семинарлар, тренингтер және конференциялар өткізу.

«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ықпалдандырылған ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды электрондық пішімде өткізуді ұсынды. Бүгін жүйе (www.goszakup.gov.kz) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметке біртұтас қол жеткізе отырып мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы ретінде Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жүйе баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алуды толық автоматтандырылған түрде, сондай-ақ пилоттық түрде электрондық конкурстарды өткізуді жүзеге асыруда.

Электрондық мемлекеттік сатып алудың басты артықшылықтары мыналар:

1. Жемқорлықпен тиімді күрес тәсілі; 2. Бюджеттік қаражаттың үнемделуі; 3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы; 4. Салауатты бәсекелестік үшін тиімді жағдайлар туғызу; 5. Отандық шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар – жеңімпазды анықтау үшін басты шарт болып әлеуетті өнім берушінің тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметке ұсынған ең арзан бағасы болып табылатын электрондық мемлекеттік сатып алудың ең қарапайым түрі.

Электрондық конкурс – электрондық мемлекеттік сатып алудың бір түрі, мұнда мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтауға әсер ететін тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметке байланысты құнмен қатар басқа да белгіленген шарттар есептеледі.

Электрондық аукцион – электрондық мемлекеттік сатып алудың бір түрі, мұнда тапсырыс беруші тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметті онлайн аукцион барысында анықталған ең арзан баға ұсынған әлеуетті өнім берушіден сатып алады.

«е-Қаржымин» ықпалдандырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС «е-Қаржымин» жобасының интеграторы болып табылады. Дамытылып жатқан жобаның басты мақсаты болып ҚР Қаржы министрлігінің (ҚР ҚМ) халыққа арналған электрондық мемлекеттік қызметті ұсынатын ақпараттық кеңістікті құру. «е-Қаржымин» порталы «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істемек: яғни азаматтар мемлекеттік ұйыммен (ҚР ҚМ) Интернет арқылы өзара қарым-қатынаста болады, мемлекеттік қызметті электрондық пішімде аз уақыттың ішінде ала алады. Жоба Электрондық үкіметтің құрамы болып табылады, е-Үкіметтің мақсаттарының бірі болып мемлекет пен қоғам арасында тиімді қарым-қатынас орнату болып табылады.

Жобаны іске асыру келесі жетістіктерге қол жеткізбек:

  • әкімшілік кедергілерді азайту және ҚР ҚМ-нің азаматтарға ұсынатын қызметінің сапасы мен жұмыс жылдамдығын арттыру;
  • мемлекеттік ұйымдардың бюджетті атқару барысындағы тәуекелдерді басқару жұйесін құру;
  • аудиторларға электрондық аккредитация жасау, ҚР ҚМ құзыретіндегі лицензияларды электронды түрде беру;
  • дәрменсіз борышкердің жылжымайтын мүлкін сату үшін электрондық аукциондар сияқты және басқа да жаңа электрондық қызмет түрлерін шығару мүмкіндігі;
  • мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы мағлұматқа онлайн қол жеткізу.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}