Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері
- Қышқылдар суда ерігенде Н+ иондарын (дәлірек айтқанда оксоний Н30+) және теріс зарядталған қышқыл калдығы иондарын түзіп, диссоциацияланатынын білесіңдер. Қышқылдардың жалпы қасиеттері осы II иондары арқылы сипатталады. Күшті қышқылдар иондарға толық диссоциацияланады, олар күшті электролиттерге жатады. Күкірт, тұз, азот кышқылдары, т.б. күшті электролиттер. Сулы ерітінділерінде иондарға толығынан диссоциа-
цияланбайтын қышқылдар орташа немесе әлсіз электролиттер болады. Қышқыл ерітінділерінде лакмус пен метилоранж қызыл түске боялады. Себебі, кез келген қышқыл диссоциацияланғанда гидраттанған сутек катиондарын Н30+ түзеді. Олар лакмус пен метилоранждың түсін қызартып, қышқылдарға қышқыл дәм береді. Мысалы, тұз қышқылының диссоциациялану процесін былай бейнелеуге болады:
- Негіздер. Суда еритін негіздер диссоциацияланғанда гидроксид ОН анионына және металл катионына ыдырайды. Сілтілік металл гидроксидтері, барий және кальций гидроксидтері күшті электро- литтерге, ерімейтін негіздер және аммоний гидроксиді NH4OH әлсіз электролиттерге жатады. Негіздерге тән ортақ қасиеттер олардың ерітінділерінде гидроксид ОН ионының болуымен түсіндіріледі:
NaOH = Na+ + OH- Сондықтан негіздердің сулы ерітінділері индикаторлардың түсін өзгертеді. Мысалы, негіздердің ерітінділерінде фенолфталеин таңқурай түстес болып өзгереді. Енді электролиттік диссоциациялану теориясы түрғысынан тұздарды карастырайық. Орта тұздар дегеніміз — сулы ерітінділерінде металл катиондары мен қышқыл қалдықтары аниондарына диссоциацияланатын күрделі заттар. Оларға ортак касиет беретін иондар жоқ. Тұздардың сулы ерітінділері баска тұздар, қышкылдар, негіздер ерітінділерімен ион алмасу реакцияларына түседі.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7</ref>
Дереккөздер
<references/>