Электрмобиль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электрмобиль (электро… және лат. mobіlіs – қозғалмалы, оңай жылжитын), электр автомобиль – аккумуляторлық батареялардан, т.б. ток көздерінен қоректенетін бір не бірнеше қозғалтқышпен жабдықталған автомобиль. Шусыз қозғалуы, ауаны ластайтын газ шығармайтындығы Э-дің артықшылығы болса, жүріс қорының шектелуі (аккумуляторлық батареяларды жиі-жиі зарядтап отыру қажет), соның салдарынан салмағының ауыр болуы оның кемшілігі болып есептеледі. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Жапонияның Mіtsubіshі фирмасы Жапония мен АҚШ рыноктарында алғашқы электрмобильдердің сериясын сатуға дайындалуда.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}