Электрлендіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Электрлендіру – Кеңес өкіметі жылдарында айналымға енгізілген термин, Владимир Ильич Ленин жүргізген жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі. Жаңа заман талаптарына сай электр энергетикасы елдің бүкіл экономикасын: өнеркәсіпті, а. ш-н, көлікті, тұрғын үй-коммуналдық кешенді тех. жағынан қайта жарақтандыруды алдын ала айқындады. Лениннің пікірінше, бүкіл елді Э., күйзелген, артта қалған елді бай индустриялық державаға айналдырудың бірден-бір дұрыс, неғұрлым үнемді және қысқа жолы болды. Бұл саладағы ғыл. жұмыстар 1918 ж. басталды. 1920 ж. Ресейді Э-дің алғашқы жоспары әзірленді. Жоспарды әзірлеу жөніндегі жауапкершілік Ресейді Э. жөніндегі мемл. комиссияға (ГОЭЛРО) жүктелді. ГОЭЛРО жоспарына сәйкес ең алдымен қолданыстағы электр стансалары қалпына келтірілді. ГОЭЛРО жоспарында жаңа электр стансаларын салу да қамтылды, олардың алғашқылары: Волхов, Шатура, Кашира электр стансалары. КСРО халық ш-н дамытудың 1928/29 – 1932/33 жылдарға арналған алғашқы бесжылдық жоспарларына енгізілді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}