Экстремалдық психология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экстремалдық психология - өзгертілген жағдайдағы (ғарышқа және әуеге ұшу, суда жүзу, жер шарының қиыр шеттеріндегі — Арктикадағы, Антарктидадағы, шөлейттегі, биік таудағы, жер астындағы және т.б. жерлердегі) адам өмірі мен іс-әрекетінің жалпы психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Экстремалдық психология авиациялық, ғарыштық, теңіздік және полярлық психологияның нақты зерттеулерін жинақтап XX ғ. аяғында пайда болды. Өзгертілген ақпараттық құрылыммен, афферентацияның өзгеруімен, әлеуметтік психологиялық шектеулермен және адам өміріне қауіпті факторлармен сипатталатын төтенше жағдайға адамға негізгі жеті психологиялық фактор әсер етеді: монотония, өзгертілген кеңістік пен уақыттық құрылымдар, жеке маңыздық ақпараттың шектелуі, жалғыздық, топтық оқшаулану (бір-бірінің көз алдында болуы, ақпараттың сарқылу, қарым-қатынастағы жұтаңдық) және өмір сүруге қауіп.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}