Экстраверсия - интроверсия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экстраверсия - интроверсия (Үлгі:Lang-la - сыртқы, intro — ішкі, versio — бұру) — адамның даралық — психологиялық айырмашылықтарының сипаттамасы; оның шеткі полюстері тұлғаның сыртқы объектілер әлеміне, не оның өзінің субъективтік әлемінің құбылыстарына басым бағытталғандығына сәйкес келеді. Экстраверсия - интроверсия ұғымдарын тұлғаның қарама-қарсы екі типін белгілеу үшін К.Юнг енгізді. Экстраверсияланған тип тұлғаның қоршаған әлемге бағытталғандығымен сипатталады; оның объектілері субъектінің мүдделерін, "өмірлік энергиясын" өзіне "магнит секілді" тартып алады, мұның өзі белгілі бір мағынада субъектінің өзінен өзінің жатсынуына, оның субъективтік әлемінің құбылыстарының тұлғалық мән-маңыздылығының төмендетілуіне апарып соғады. Экстраверттерге импульстілік, бастамашылдық, мінез-құлықтың икемділігі, қарым-қатынасшылдық, әлеуметтік бейімделгіштік тән қасиеттер. Интроверсияланған типке тұлға мүлделерінің өзінің ішкі әлемінің құбылыстарына жоғары құндылық деп ден қоюшылық, тұйықтық, қарым-қатынастан қашқақтау, әлеуметтік енжарлық, өзін-өзі қазбалауға бейімділік, әлеуметтік бейімделуді қиынсыну тән сипаттар. Экстраверсия - интроверсия проблемалары тұлғаның факторлық теорияларында неғұрлым көбірек зерттелді. Мұнда ол тұлға типтер тұрғысынан емес, нақты субъектідегі экстраверсия - интроверсия қасиеттерінің сындық арақатынасын білдіретін үздіксіз шкала ретінде қарастырылады. Олардың ішіндегі неғұрлым танымалы — Г. Айзенктің тұжырымдамасында Экстраверсия - интроверсия параметрі невротизм параметрімен ұштасуында (эмоциялық-еріктік орнықтылық — орнықсыздық) тұлғаның барлық қасиеттерінің мазмұнын анықтайтын басты-басты екі өлшем құрайды. Бұл тұжырымдамаға негіз болған абстрактілік-статистикалық көзқарас тұрғысынан экстраверсия көптеген көріністерінің себептерін түсіндіруге елеулі қиыншылықтар туғызды; бұлардың мазмұнында импульстік, агрессияшылдықтан идеологиялық нұсқаулар мен саяси позицияға дейінгі тұлғаның әр алуан сипаттамалары эклектикалықпен біріктіреді. Экстраверсия - интроверсияның жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелділігі тұлғаның психологиялық және әлеуметтілік сапаларының бұлжымас биологиялық анықтығы туралы реакциялық қорытынды жасалуына себеп болды. Отандық психологияда экстраверсия - интроверсия көріністері темпераменттің қасиеттері деп қарастырылады, яғни тән сипатты тұлғалық сапалардың алғышарты болып табылатын психикалық процестердің динамикалық сипаттамалары деп ұғындырылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}