Экстерорецепторлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экстерорецепторлар (Үлгі:Lang-la - сыртқы және receptor — қабылдайтын) — сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Экстерорецепторларға көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері түйсіктерінің рецепторлары жатады. Көру түйсіктері көзге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Көз бір мезгілде ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000000 бөлігі) электромагнит толқындар әсер етсе, жарықты сезеді. Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігіне, амплитудасына және түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес, есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі; дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі; тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіңдегі сілемейлі қабықтың жасушаларына түрлі химиялық заттар әсер еткенде пайда болады. Сілемейлі қабықтың таяқша тәрізді сезгіш жасушалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш жасушаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, өткір иіс, сасық иіс, т.б.). түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Дәмді тіліміздегі дәм бүршіктері айырады. Дәм бүршіетерін белгілі бір дәмі бар, суда ерігіш түрлі химиялық заттар тітіркендіреді. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм сезу және иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан оларды тез айыру қиын. Тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам оның дәмін көпке дейін ажырата алмайды. Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның сілемейлі қабықтарында да көп.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}