Экспортқа рента салығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады.
Салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай,газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер койнауын пайдаланушыларды коспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.
Рента салығын салу объекті экспортка өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады. Экспортка накты өткізілетін шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойын- ша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан косымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына карай 0%дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді - барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдын 25-інен кешіктірмей төлейді.
Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.<ref>Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы.

Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}