Экологиялық құрауыштар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экологиялық құрауыштар теңдестікті биогеохимиялық заттектер айналымын қамтамасыз ететін экологиялық жүйелердің негізгі құрамды бөліктері. Олардың құрамына: сыртқы энергияның ағымы (негізінде күн радиациясы), әуе, су орталары, топырақ, автотрофты организмдер — продуценттер және гетеротрофты организмдер — консументтер және редуценттер кіреді. Күн энергиясының қатысуымен өсімдіктерде және фитопланктондарда фотосинтез процесі жүреді, соның нәтижесінде бейорганикалық заттектерден органикалық заттектер түзіледі. Бейорганикалық заттектер судан, ауадан және топырақтан алынады. Түзілген органикалық заттектерді гетеротрофты организмдер пайдаланып, оларды минералдандыру арқылы бейорганикалық заттектерге айналдырып, қайтадан сулы ортага, ауаға, топыраққа қайтарады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Экологиялық құрауыштар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}