Экологиялық медицина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экологиялық медицина — қоршаған ортаның тікелей ауру тудыратын факторларына ерекше мән беретін, ластанған ортаның адам денсаулығына тигізер әсерін және олардың арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін ғылыми пән. Экологиялық медицина бертінде ғана пайда болған ұғым; оның құрамына адам биологиясы мен медицина тарауларына қоса химияның, физиканың, социология ғылымдарының бөлімдері мен адамды қоршаған факторлар ретінде, олардың денсаулыққа тигізетін әсерін білу үшін әр түрлі өндірістердің технологиялары туралы мәліметтер де кіреді. Атап айтқанда, ол ластағыш заттектердің, радиациялық дозаның, тұрмыстық химияның және өндірістегі химиялық заттектердің, қолданылатын дәрі-дәрмектің, әр түрлі төсемелердің, құрылыс материалдарының және т.б. заттектердің ауру қоздырушылық рөлін (тыныс жолдарының зақымдалуын, ісік, иммунологиялық ауруларды және т.б.) зерттейді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама