Экологиялық абыржу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экологиялық абыржу — қоғамның өзінің әлеуметтік-экологиялық дамуындағы экологиялық қиыншылықтарды кенет ұғынуы. (Шетелдерде бұл термин 1970 жылдары кеңінен танылды). Бұл қиыншылықтардың тіршілік ортасындағы жағымсыз құбылыстардың күшіне, олардың табиғи және жасанды қайтымдылығына негізделген саралануы бар. Олар экологиялық дағдарыс (экономикалық өсуді қиындататын қайтымды жағымсыз құбылыстар), экологиялық алапат (ұзак уақыт — ондаған жылдар өткеннен кейін ғана түзелетін, қайтымы қиын құбылыстар, экономикалық дамуды құлдырататын, қолайлы табиғи орта қайта жасалғанша даму мүмкін болмайтын өте жағымсыз құбылыстар), экологиялық коллапс (іс жүзінде қайтымсыз, қалыптасқан ортада адамның өмір сүруінің өзін жоққа шығаратын табиғи-антропологиялық құбылыстар). Аралық кезең (дағдарыс пен алапат арасындағы) аумалы күй болып табылады, мұның тұсында әлеуметтік- экономикалық дамудың жылдамдығы нөлдік шамада болады; алайда бұл кезеңде ресурстардың орнын әлі толтыруға болады немесе біршама қысқа мерзім ішінде (бірнеше жыл ішінде, ондаған жылдан кейін) алмастыруға келеді. Антропогендік әсерлердің осындай алапат салдары соңғы жылдары адамзатты ақылға келтіргендей болып, қоршаған ортаны қорғау проблемаларының шешілуіне қал-қадерінше үлес қосып жатқан ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, елдер, халықаралық ұйымдар саны жылдан-жылға көбейіп келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Экологиялық абыржу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}