Эквилибристика
Эквилибристика (лат. aequіlіbrіs – тепе-теңдікте болу) – цирк жанры. Эквилибристика – орындаушының қандай да бір қолайсыз жағдайда (мысалы, керілген арқан немесе шар үстінде, т.б.) болмысын өз дене салмағын тепе-тең ұстай білуіне негізделген акробатикалық ойын-сауықтың бір түрі. Ертеден белгілі, дегенмен ол 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда кәсіби цирк өнерінің өріс алуымен байланысты Эквилибристикамен айналысушылар да бой көрсетті.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
- Georges Seurat 019.jpg
- Daniel Hochsteiner.jpg
- Circuspainting.jpg
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify