Эйнштейн постулаттарының талдауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эйнштейн постулаттарының талдауы. Майкельсон мен Морли тәжірибелері

Жарық жылдамдығының шектілігі туралы Эйнштейннің бірінші постулатынан алғашында ойға кайшы келетін кызыкты нәтижелер шығады. Мысал қарастырайық. Біреуі ғарышқа аттанатын екі ғарышкер өзара келісті дейік, яғни ғарыш кемесіндегі ғарышкер старттан кейін 30 мин өткенде 5 мин-ка (цифрлар шартты түрде берілген) шамды жағады дейік. Зымыран t>=0,8 сжылдамдыкпен үшсын (5.3-сурет). Старт 12:00-де берілерде A және В ғарышкерлер сағаттарын бірдей дәл уақыт көрсететіндей етіп тексереді. В ғарышкері қайтып келгенде екеуінің арасында талас пайда болады. А ғарышкер түсінбейді: біздің келісім бойынша шам 12:30-да жану керек еді, ал ол 12:40-та жанды жөне 5 мин емес (цифр мүнда да шартты) 7 минут жанды дейді. В ғарышкер жоқ, мен келісім бойынша бәрін өзімнің сағатыммен дәл орындадым деді. Бұлардың қайсысынікі дұрыс? Екеуінікі де дүрыс екенін түсіну қиын емес. В ғарышкер өз сағатымен 12:30 шамды жаққанда зымыран Жерден жеткілікті қашықтаған, сондықтан жарық Жерге жету үшін белгілі бір уакыт керек. Шам жанып түрған 5 минут ішінде (В ғарышкер Альберт Эйнштейн сағаты бойынша) зымыран қандай да бір қашықтыққа жерден алыстады. Сондықтан шамды сөндіру мезетінде жарықтың соңғы кванты Жерге жету үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл жерде дәл түсіну керек, мәселе сағаттарда емес (олар синхрондалған), жарық жылдамдылғының шектілігінде. Егер жарық жылдамдығы шексіз болса, онда оқиғаның басы мен ұзақтығы (шамның жануы мен сөну мезеті) бірдей болар еді.<ref>Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті. ISBN 9965-36-055-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эйнштейн постулаттарының талдауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}