Эзофагоспазм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эзофагоспазм - өңеш перистальтикасының эпизодты түрде бұзылуымен және оның қабырғасының спастикалық жиырылуымен сипатталатын ауру. Эзофагоспазм дисфагиияның жиі себептерінің бірі болып табылады.

Эзофагоспазм жіктелуі

Жіктелуде эзофагоспазм түріне қарай, ауырлық дәрежесіне 3 дәрежесін бөліп қарастырады:

  • Жеңіл эзофагоспазм
  • Орташа ауырлықтағы эзофагоспазм
  • Ауыр эзофагоспазм

Екіншілік эзофагоспазм кезінде диагнозда бірінші орында негізгі ауру жазылады: эзофагит, өңеш жарасы және т.б.

Эзофагоспазм этиологиясы және патогенезі

Психоэмоционалды стресстер, қобалжу фонында дамитын біріншілік эзофагоспазм және патологиялық процесстің (эзофагит, жара, рак және т. б.) әсерінен өңештің шырышты қабатының рефлекстердің нәтижесінен өңештің қабырғасының спастикалық жиырылуы туындайтын екіншілік (рефлекторлы) эзофагоспазм ажыратады. Өңештің жеке спастикалық жиырылуылары асығып тамақ ішкенде, тым ыстық, ащы немесе құрғақ тағам жегенде сау адамдарда да кездесетінін естен шығармау керек. Ауру патогенезінде өңештің бұлшықет аралық нерв өрімінің дистрофиялық өзгерістері негізгі орын алады.

Эзофагоспазмның негізгі симптомы

Эзофагоспазмның негізгі симптомы— тағамды немесе сілекейді жұтқанда төс артында қысым сезімі пайда болатын науқастармен ауырсыну сияқты сезіммен қабылданатын дисфагия. Бұл сезімдер бірнеше секундтан кейін өз бетімен немесе жылы сұйықтық ішкен соң жоғалып кетеді. Кейде өңеш спазмдары тағамға байланыссыз пайда болады, кейбір кездерде өте жиі пайда болады (тамақ ішіп отырған кезде бірнеше рет), басқа жағдайларда айына 1-3 рет. Эзофагоспазм қатты қобалжу, уайымдағанда, нервті-психикалық стресстер кезінде дамиды.

Эзофагоспазм диагностикасы

Рентгенологиялық зерттеу кезінде диагноз қою оңай: Барий сульфатының қоспасын науқас жұтынғанда өңештің белгілі бір аймағының спастикалық жиырылуылары айқын көрініп тұрады (былай айтқанда сегментарлы спазм). Псевдодивертикулдардың түзілуімен өңештің ұзындығы бойынша және штопор тәрізді спастикалық қисаюлар («штопорообразный пищевод» немесе Баршоня—Тешендорф синдромы) тән. Егер кәдімгі рентгенологиялық зерттеу кезінде эзофагоспазм симптомдарын анықтамаса, онда арнайы әдістерді қолданады (қою немесе лимон қышқылмен сәл қышқылданған сульфат бариймен) немесе қайталамалы рентгенологиялық зерттеу жасау керек.

Эзофагоспазм емі

Эзофагоспазм кезінде уақытында (4—6 рет күніне) тамақ ішу маңызды орын алады (диета № 1 немесе 1б). Атропин сульфаты, папаверин гидрохлорид немесе но-шпа, церукал қабылдау көрсеткіштер болып табылады. Жеңіл жағдайларда оларды тамшы немесе ұнтақ, таблеткка түрінде, тамаққа дейін 30 мин бұрын тағайындайды. Егер дисфагия сақталынса бұлшықет ішілік инъекциялар тағайындалады. Сонымен бірге, седативті препараттар, гипнотерапия тағайындайды. Екіншілік эзофагоспазм кезінде негізгі ауруды емдеу керек. Біріншілік эзофагоспазм кезінде тұрақты емдеуде болжамы 90% жағдайда жақсы аяқталады (кейде ем курсын 2—3 рет қайталау керек, санаторлы –курортты ем). Екіншілік эзофагоспазм кезінде өңештің негізгі ауруын жазуға байланысты. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>