Эдуард Георгиевич Багрицкий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Багрицкий ( шын фамилиясы – Дзюбин) Эдуард Георгиевич (3.11.1895, Одесса, - 16.2.1934, Москва) – орыс совет ақыны. Алғашқы шығармалары 1915 жылы Одесса альманахтарында басылды. 1919 жылы ВЦИК атындағы Ерекше партизан отрядтарының жауынгері болды. Багрицкий жырларының («Азаттық», «Қызыл Армия», «Бірінші май») негізгі арқауы – еңбек адамдары, сов. жауынгері. «Жеңімпаздар» (1932), «Соңғы түн» (1932) жинақтарында жаңа өмірді, оны орнатып жатқан жаңа сов. адамдарын зор шабытпен жырлады. Багрицкийдің ірі шығармашыларының бірі – «Опанас туралы ой » (1926) поэмасы. Бұл – халық поэзиясының сарынымен жазылған революция ісіне адалдықты бейнелейтін көп ұлтты сов. әдебиетіндегі елеулі туынды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер