Эгопсихология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эгопсихологияпсихоанализдің ортодокстық фрейдизмге қарсы паңда болған бағыттарының бірі. Түйсіктерді, елігуді жеке адамның үстем қасиеттері деп қарастыратын фрейдизмнен өзгеше эгопсихология жеке адам эгосы 3. Фрейд ойлағаннан гөрі неғұрлым маңызды әрі тәуелсіз рөл атқарады деп санайды. Елігулерге қарсы тұрумен қатар, эго жеке адамның ортамен қарым-қатынасын реттеп отырады, өзінің меншікті құрылымдық сипаттамасы мен өзіне тән қорғаныш тетіктер жүйесі бар біршама дербес құрылым ретінде көрінетін эгоның функциялары елігулерге тікелей тәуелді болмайды. Психоанализ үшін маңызды "кикілжің" ұғымы эгопсихологияда индивидтің ортамен идиалогы" ұғымымен алмастырылады. Орта немесе социум эгопсихологияда тым ықшамдалып, индивидке ең жақын қоршаған орта деп, ал эгоның өзінің даму процесі бейімделу деп қана қарастырылады. Бұл тұрғыда жеке тұлғаның өмірлік қарекетінің шынайы әлеуметтік заңдылықтары ескерілмейді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}