Ь
ь — кириллицаға негізделген әліпби әрпі, жіңішкелік белгі.
Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Ь кейде қатар айтылған дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбыстың арасын бөліп, ажыратып айту үшін және дауыссыз дыбыстардың жіңіщкелігін білдіру үшін алынған шартты таңба ретінде жұмсалады. Мысалы, почтальон, бандероль.
Бұл таңба орыс тілінен енген сөздерге ғана қолданылады. Ь сөз аяғында жіңішкелік белгі ретінде келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталған қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі сақталып жазылады (секретарьға), ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ол (ь) түсіріліп жазылады (ұйымның секретары)<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref><ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.
Кодтар кестесі
Код | Регистр | Ондық код |
16-лық код |
8-дік код |
Екілік код |
---|---|---|---|---|---|
Юникод | Бас | 1068 | 042C | 002054 | 00000100 00101100 |
Кіші | 1100 | 044C | 002114 | 00000100 01001100 | |
ISO 8859-5 | Бас | 204 | CC | 314 | 11001100 |
Кіші | 236 | EC | 354 | 11101100 | |
KOI 8 | Бас | 248 | F8 | 370 | 11111000 |
Кіші | 215 | D8 | 330 | 11011000 | |
Windows 1251 | Бас | 220 | DC | 334 | 11011100 |
Кіші | 252 | FC | 374 | 11111100 |
HTML жүйесінде бас әріп «Ь»-ны Ь немесе Ь, ал кіші «ь» әріпін - как ь немесе ь деп белгілейді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Commons