Ықылас Адамбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ықлас Адамбеков(1912, Қарағанды облысы Шет ауданы №3 ауыл («Қатбар» колхозы) -1941) - ақын.

Өмірбаяны

  • 6 жасында әке-шешеден жетім қалып, жалшы болған.
  • Қарқаралы балалар үйінде тәрбиеленген.
  • 1927 – 1931 жылы Қарқаралы балалар үйінде оқып, тәрбиеленген.
  • 1929 жылы комсомол қатарына өткен.
  • 1931 – 1932 жж. Қоңырат аудандық комсомол комитетінде шағым бюросының меңгерушісі болған.
  • 1934 – 1935 жж. республика жастары газеті – «Лениншіл жаста» әдеби қызметкер болған.
  • 1935 – 1938 жылдары КИЖ-де оқыған.
  • 1938 – 1939 жж. Қазақ көркем әдебиет баспасында жауапты хатшы болып істеген.
  • 1941 ж. Ұлы Отан соғысына аттанған. 1941 ж. майданда қаза тапқан.

Шығармашылығы

Өлең, ән мәтіндерін жазумен айналысқан, оның «Достар жүрегі» атты алғашқы жинағы осы кездерде жарық көрген. Жазушы Ә. Әбішевпен бірігіп «Қамбар батыр» операсына либретто жазған. 30 шақты ән сөзінің авторы. Оның «Қызыл әскер маршы»,«Алатау» әндері көпшілікке мәлім.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}