Ығысу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ығысу<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 </ref> – материалдар кедергісінде түскен күш әсерінен серпімді денелердің өзара параллель қабаттарының (талшықтарының) аралық қашықтығын өзгертпей формациясын ауыстыруы. Мысалы, тік төртбұрышты білеудің үстіңгі қырына оның табанына (жылжымастай бекітілген) параллель бағытталған күшпен әсер еткенде, білеу ығысуының формациясы өзгереді (1-сурет). сс1-dd1 жылжу шамасы абсолюттік ығысуды, бұрышы салыстырмалы ығысуды анықтайды. Егер білеудің қырына тек жанама кернеу () ғана әсер етсе (2-сурет), ол таза ығысу деп аталады.

Түрлері

  1. Бастапқы контурдың ығысуы (Смещение исходного контура) — берілістегі кепілді бүйір саңылауын қамтамасыз ету үшін бастапқы контурды номиналдық күйінен тісті доңғалақтың денесіне қарай қосымша ығыстыру.
  2. Бұрыштық ығысу (Смещение угловое) — бұрыштардың номиналдық күйінен ығысуы.
  3. Бүйірлік ығысу (Смещение боковое) — бастапқы контурды номиналдық күйінен бүйіріне қарай ығыстыру.
  4. Білікаралық ығысу (Смещение между валами) — біліктердің номиналдық күйінен ығысуы.
  5. Құрал центрінің ығысуы (Смещение центра инструмента) — құрал центрінің номиналдық күйінен ығысуы.
  6. Салыстырмалы ығысу (Сдвиг относительный) — ығысу деформациясын сипаттайтын бұрыш.
  7. Таза ығысу – жазық кернеулі күйдің жеке бір түрі. Болаттардың, тойтарма шегелердің, электрлік пісірумен бекітілген жіктердің ығысуға беріктілігі сыналып отырады.
  8. Түзілімнің ығысуы (Смещение узла) — түзілімнің номиналдық күйінен ығысуы.

Жазықтығы, кернеуі, модулі, шегі

Ығысу жазықтығы (Плоскость сдвига) — кесіліп жатқан қабаттың ағызба жаңқаға айналу процесі кезіңде оның түрін бүзбай, өңделіп отырған материалдың жүқа қабаттарының бірізділік ығысуы болатын жерді — шартты ығысу дейді.</br> Ығысу кернеуі (Напряжение сдвига) — металга түскеңде ығысуды жүргізетін кернеу.</br> Ығысу модулі (Модуль сдвига) — жанама кернеудің жөне осы жанама кернеу әсер еткенде пайда болатын шартты деформацияның қатынасымен анықталатын ығысу.</br> Ығысу шегі (Предел при сдвиге) — материалды қирауға дейін жеткізген ығысу деформациясы.

<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ығысу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}