Ысқақ Дүйсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Ысқақ Дүйсенбаев (1887 жыл, Верный1912 жыл) – Ресей империясындағы монархиялық билікке қарсы күрескен қазақ жастарының алғашқы өкілдерінің бірі.

Өмірбаяны

1907 жылы Верный ерлер гимназиясын күміс медальмен бітірген. Дүйсенбаев гимназияда оқып жүріп, “Верный оқушы жастар тобы” ұйымына қосылады. Астыртын қолжазба журнал шығаруға, оны тарату ісіне ат салысқан.1907 – 1911 жылдары Санкт-Петербург университетінің физика-математика факультетінде оқыды (ауыр науқасына байланысты бітіре алмаған). Дүйсенбаев Санкт-Петербургте жүріп Верный социал-демократтарымен арадағы байланысын үзбеді. Ысқақ Дүйсенбаев өкпе туберкулезінен қайтыс болған.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер