Ырсалы Кәсіпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ырсалы Кәсіпұлы, Ерсары (т. ж. б. – 15.11.1837, Тастөбе) – батыр, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің белді мүшелерінің бірі. Ы.Шөрекұлының Исатай-Махамбет дастанында оның атын Ерсары деп көрсеткен. 1837 ж. 21 тамызда Балқы би және Төлеген, Айғани старшындар Исатайды жақтағаны үшін Ы-ның ауылын шауып, адамдарын мертіктіреді. Исатай мен Жәңгір ханның арасын бітістіруге үміттеніп жүрген Орал казак-орыс әскерлерінің атаманы Покатилов осы уақиғаны естігенде “енді бітім болмайды” деп өкінген. Ы. Тастөбе соғысында қаза тапты. Осы хақында Махамбет “Исатай батыр жөнелді-ау, Жөнелмей батыр неғылсын: Ерсары мен Қалдыбай, ажал оғы тап келіп, Екі арыстан тең өлді-ау” деген. Ы-ның Есәлі, Сатыбалды, Байдәулет деген бауырлары да көтерілісшілерді жақтаған.<ref>Әдеб.: Әнес Сарай, Исатай-Махамбет тарихы, А., 1997.</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ырсалы Кәсіпұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}