Ыммен сөйлеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ыммен сөйлеу — естімейтін адамдардың өзіндік лексикалық және грамматикалық заңдылықтармен сипатталатын ымдау жүйелері арқылы тұлғааралық тілдесу әдісі. Ыммен сөйлеудің заңдылықтары оның негізгі семантикалық бірлігі — ымның айқын білінетін ерекшелігімен, сондай-ақ оның функциялық мәнімен (еркін қатынас саласында пайдаланылуымен) байланысты. Ресми қарым-қатынас саласында (жиналыстар, лекцияларды аудару және т.б.) қалқалайтын ыммен сөйлеу қолданынады, мұнда сөзді қайта білдіру үшін ымдар кезекпен пайдаланылады. Қалқалайтын ыммен сөйлеуде қосымшаларды және т.б. белгілеу үшін дактильдік сөйлеудің элементтері қолданылады. Ыммен сөйлеу құлағы мүкіс балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде қосалқы құрал (негізгі сөздік, сөзбен сөйлеумен қатар) ретінде пайдаланылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}