Ылғалдандыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ылғалдандыру - 1) аумақтың ылғалдандырылуы — белгілі бір өңірге жауатын жауын-шашынның мөлшері мен булануы арасындағы арақатынас (кейде жауын-шашын мөлшерінің булануы соған байланысты болатын ауаның температурасына қатынасы). Артық ылғалданатын, орнықсыз және жеткіліксіз ылғалданатын аумақтар сараланады; 2) топырақтың ылғалдандырылуы — топырақтағы ылғал қорының табиғи не жасанды түрде арттырылуы не толықтырылуы. Басы артық ылғалдану — организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығынан артық шамада су келуі (табиғи не жасанды). Әдетте, өңірдің батпақтануына апарып соғады. Жеткіліксіз ылғалдану — судың организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығын қамтамасыз ететін мөлшерден кем түсуі. Орнықсыз ылғалдану — ылғалдың маусымдар бойынша әркелкі болуы, біршама ылғалды кезеңдермен құрғақшылықтардың кезектесуі; 3) суармалы егістік жерлерде күз, қыс айларында ылғал жинау үшін жүргізілетін суару жүмысы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Ауа райы туралы


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ылғалдандыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}