Ы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Ы, ы — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Жуан, қысаң, езулік дыбысты белгілейді.

Сөздің барлық буынында жазылады. Бірінші буында еріндік дауысты кездессе, екінші буынындағы «ы» дыбысы айтылуда «ұ» болып дыбысталады. Мысалы, құрұқ, орұн - айтылуы; құрық, орын - жазылуы.

Сондай-ақ «Ы» дыбысы ауызекі тілде сөз басындағы р,л, сонанттарының алдынан ілесіп айтылады, бірақ жазуда ол («Ы» дыбысы) ескерілмейді. Мысалы, айтылуы - ылас, ырақмет, жазылуы - лас, рақмет, т.б.

«Ы» дыбысына біркен сөзге сонант «У» қосымшасы жалғанса (оқы - у), жазуда езулік «Ы»түсіп қалады. Мысалы, оқы + у - оқу (айтылуы оқұу), тоқы + у - тоқу (айтылуы - тоқу)<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 12 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons