Шөлтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөлтөбе – ежелгі мекен орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақшолақ стациясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. 1963 – 67 жылы Жетісу археол. экспед. (жетек. М.С. Мерщиев) қазба жұмыстарын жүргізді.Шөлтөбе екі сатылы жайдақтау келген төбелерден тұрады. Қазба жұмыстары барысында көптеген құрылыс орындарының іргелері аршылды. Бұл жерден табылған дән үккіштер, тарының қалдықтары, шикі кірпіштердің құрамындағы сабандар қонысты мекендегендердің шаруашылығында жер өңдеудің маңызды рөл атқарғандығын куәландырса, ал тастан және қыштан жасалған ұршық бастары тоқымашылық кәсібінің, қолдан жасалған қыш ыдыстардың көптігі қыш-құмыра өндірісінің дамығандығын көрсетеді. Ғалымдардың есебі бойынша Шөлтөбе шамамен б.з. 5 – 8 ғ-нда өмір сүрген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}