Шөлсай 1, 2, 3

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөлсай 1, 2, 3 – түркі дәуірінің ескерткіштері (6–9 ғасырлар). Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылынан оңтүстікке қарай 22 км жерде орналасқан.

1998 жылы Мерке кешенді археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Досымбаева) зерттеген. Шөлсай-1 диаметрі 9 м, биіктігі 1 м болып келген қорған тас үйіндіні құрайды. Қорғанға жақын жерден әйел мүсіні табылды. Граниттен дайындалған, көлемі 0,9 м×27 см×42 см×29 см болып келген мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Бас киімі, миндаль көзді бет-әлпеті, доғал қастарына жалғасқан күйдегі тік түскен мұрны мен ерні айқын түрде өңделген. Қыр бөлігінде доғал түрде тереңдей түсірілген құлақтары, мойнынан төмен алқасы мен көкірегі көрсетілген. Жартылай бүгілген қолымен бел тұсында жалпақ түпті ыдыс ұстаған күйде тұр. Шөлсай-2 оңтүстік-шығысқа қарай Шөлсай-1-ден 0,4 км жерде. Диаметрі 12 м, биіктігі 1,3 м болып келген тастан қаланған қорғандағы үйінді де әйел мүсіні бар. Көлемі 0,9 м×35–40 см×37 см мүсін қызыл граниттен жасалған. Мүсін бедерлеу әдісімен орындалған. Кеудесі, басы, бел тұсына ыдыс ұстаған қолдарымен бірге саусақтары да анық өңделген. Иілген қасына жалғасқан мұрны, терең ойылған көздері мен аузы түркілік бет-әлпетті танытады. Мүсіннің кеудесінде домалақ келген алқа әйел-ананың түркілік қоғамдағы орнын және қорған тастың үлкен ғұрыптық орын екендігін көрсетеді. Шөлсай-3 оңтүстік-батысқа қарай Шөлсай-2-ден 1 км жерде орналасқан. Ескерткіш 1996 жылы Мерке кешенді археологиялық экспедиция жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ашылып, 2001 жылы зерттелді. Диаметрі 10 м, биіктігі 0,8 м болып келген қорған ортасында орналасқан екі тас мүсіні бар тас үйіндісінен тұрады. Мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Мүсіндер бір-біріне қаратылып, ер кісі мүсінінің жүзі оңтүстік-шығысқа, ал әйел мүсіннің жүзі солтүстік-батысқа қаратып қойылған. Түр-түсі бойынша мүсіндердің айырмашылығы бар. Әйел мүсіні қара түсті қиыршықты граниттен, ал ер адамдікі тегіс түйіршікті қызыл граниттен жасалған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шөлсай 1, 2, 3|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}