Шөладыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шөладыр – Шу – Іле тауларының солттүстік-батыс тізбегін құрайтын аласа шоқылы, адырлы өңір. Абссолюттік биіктігі 1000 м, салыстырмалы биіктігі 300 – 400 м-ге жетеді. Шөладыр массиві ендік бағытқа сәйкес 30 – 40 км-ге созылып жатыр. Негізінен девонның граниттерінен түзілген. Беткейлері денудацияға ұшыраған, аңғарлары, сай-жыралармен тілімденген. Оның табанын құрғақ қиыршық тасты үгінділер толтырған. Жусан өседі. Мал жайылымы.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том