Шөжеторғай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Шөжеторғай (Poecile) - торғай отрядының сары шымшық тұқымдасына жататын туыс тармағы. Қанатының ұзындығы 6-7 cм, салмағы 10-12 г. Сырттай қарағанда кәдімгі шымшыққа ұқсайды: сұр түсті, төбесінде қара не қара қоңыр қауырсындарынан тұратын айдары болады. Тұрғылықты құс. Жазда жәндіктерді, қыста өсімдіктерді және өсімдік тұқымдарын қорек етеді. Ұясын ағаш кеуегіне салады. Жаз бойы жұмыртқалайды, 5-9 шұбар жұмыртқа салып, олардың ұрғашысы 13-15 күн басады. Балапандарын еркегі мен ұрғашысы 20 күн басады.

Қазақстанда кездесетін түрлері

Қазақстанда төрт түрі кездеседі: шөжеторғай (Parus palustris) - Алтай мен Қазақстанның жапырақты ормандарында кездеседі. Мамық шөжеторғай (Parus montanus) - Алтай мен республиканың қылқан жапырақты ормандарын мекен етеді. Сұрбас шөжеторғай (Parus sinetus) - Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жоңғар шөжеторғайы (Parus songarus) - Тянь-ШаньменЖоңғар Алатауындағы қылқан жапырақты ормандарда кедеседі.

Дереккөздер

<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>