Шөбере алақанынан су ішу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ үшін өмірдің бір қызығы – шөбере алақанынан су ішу. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халық даналығы. Демек бала сүю, ұрпақ өсіру әр адам үшін тіршілік парызы. Соның ішінде «шөбере» деп аталатын төртінші ұрпақ көру көп нәрсені аңғартады. Бұл кемеліне келген қарттық өмірдің үлкен белгісі. Оның қазақ әдетінде жөн-жосығы, қағидасы бар. Жөн-жосығы – ата мен әженің жаңа туған шөберенің алақанынан су ішу. Қағидасы – шөбере қолынан су ішкен адам бұл дүниеде бақытты, о дүниеде де жолы ашық, жеңілдік болады. Қалай болған күнде де төртінші, бесінші ұрпақты көру көп жасаудың белгісі ғана емес, ұзақ ғұмыр кешудегі өмір сапарының мазмұнды жолдары екені артық.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.