Шәңкі Меңдекеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәңкі Меңдекеұлының өмірбаяны

Шәңкі Меңдекеұлы (1811, қазіргі Қостанай облысы Урицкий ауданы — 1884/90, сонда) — би, батыр. Тегі — Орта жүз арғын ішінде қанжығалы руынан. Әкесі Меңдеке өз дәуірінде айтулы батырлардың бірі болған. Шәңкі жастайынан ескіше білім алып, сауатын ашты. Есейген кезінде шиеленісті мәселелерге белсене араласып, есімі Орта жүзге кеңінен тараған. Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны “Тәте” деп атап кеткен. Шәңкі қыпшақ елінде Балқожа, Қанқожа, атығайда Зілқара, Әшім билермен, керей елінде Арықбай бимен, Ерейменде Саққұлақ бимен, Баянауылда Шоң, Шорман билермен, арғын Сайдалының Аққошқарымен, бағаналы елінде Сандыбайдың Ердені, Дүзендерімен, Торғайда Бірімжан, Қазбек билермен, Шыңғыс сұлтанмен, т.б. тығыз байланыс, ынтымақта болған. Оның көптеген қанатты сөздері ел аузында сақталған. Бейіті Бозшакөл жағалауындағы қорымда, басына құлпытас орнатылған.

Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгімелер

Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме

Шәңкі жастайынан ескіше оқыған, сауатты, ізденгіш би болған. Бұл жағына келгенде ол жақын би ағасы Саққұлақтан көп тәлім алғаны байқалады. Сол Саққұлақ шешен Шәңкінің алғырлық, тапқырлық шешендігі жөнінде былай дейді. "Меңдекеңнің Шәңкісі халық алдында сөйлесе, тыңдаушыларын тамсандырмай қоймайтын, мазмұнды сөздеріне күлкі араластырып, сүйкімді қоңыр, сәл қырылдақ даусымен есіліп бір кеткенде жұрттың бәрі оның аузына қарап қалушы еді. Бұндай шешендік қасиет мен білетін ешкімде жоқ. Тек Шәңкінің өзіне ғана тән шешендік.

"Ел қызығын көрмесе,
Іште жатқан алтыннан не пайда?
Ұят, арың, болмаса,
Ақылыңның көптігінен не пайда?
Тірі күніңде таратып бақ сөзіңді,
Мыңнан біреу ұқса да,
ұмыттырмас өзіңді",

- деп Шәңкіге арнап ойын түйген Саққұлақ би.

Кезінде Шәңкі би үлкенді-кішілі ел арасындағы дау-дамайға көп қатысып, талай-талай әділ билік айтқан. Сол айтқан шешендік сөздердің кейбірі осы күнге дейін ел аузында жүр.

Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме

Атығай елінін атақты биі Зілқараның асында қызмет етіп, қонақтардың қолдарына су құйып жүрген бала Шәңкі сүрініп жығылғанда, оны келемеждеп "олжаңнан маған да" деп күлген Мама биге Шәңкі табан астында:

Таңның таң екенін кім біледі,
Сарғайып барып атпаса,
Күннің күн екенін кім біледі,
Қызарып барып батласа.
Орданың орда екенін кім біледі,
Мен сияқты күтуші,
Жығылып-сүрініп жатпаса.
Иттің ит екенін кім біледі,
Жығылып жатқан баланы,
Тақымынан қаппаса, -

деп асқақтап отырған шонжардың аузын аштырмай тастапты.

Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме

Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны бұдан былай "тәте" деп атап кеткен.

Тәтенің бітірген даулары толып жатыр. Әділік пен адалдықты өмір бойы жақтап өткен би бір сөзінде:

Білгенге сөзім сом алтын,
Білмегенге арам ас.
Дүниеге машқұл адам,
Сөзіңді тыңдауға да жарамас.
Сөз жинаған алтын қазушы,
Наданға айтып сөзді,
Қор кылуға жарамас.
Теңіз басы бұл ақты,
Сол бұлақ тасымай,
Айдындарға су толмас.
Аталы сөз тоғыз қабат қорғаның,
Сөз білмегенге ала тәнді жалаңаш,

деген пәлсапалық ой қалдырған екен.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шәңкі Меңдекеұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}