Шәрбан Батталқызы Батталова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Шәрбан Батталова.TIF
Шәрбан Батталқызы Батталова

Шәрбан Батталқызы Батталова(15.8.1921 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы) – хим. ғыл. докт. (1970), проф. (1972), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1989), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. және тех. қайраткері (1993). Мәскеу мемл. ун-тін (1948) және оның аспирантурасын (1952) бітірген. 1952 жылдан Хим. ғылымдары ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (19561959 ж. осы ин-ттың тапсыруымен Қазақ қыздар пед. ин-тында химия кафедрасын ұйымдастырып, онда дәріс берді) болды. «Қазақстанның кейбір бентониттерінің катализдік және тазартқыштық қасиеттері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері алюмосиликаттар катализіне және әр түрлі хим. заттардың сорбтану қасиеттерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстандағы минералдық шикізаттардан алынатын қосылыстарды тазарту мақсатымен көмірсутектерге және сорбенттерге әсер ететін катализаторлар алу, оларды қолдану мәселелерімен шұғылданды, алюмосиликаттардың катализдік әсері мен сорбтану қасиеттері арасындағы байланысты анықтады. Б. 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 6 авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Шығармалары

  • Физико-химические и каталитические свойства вермикулита, А.-А, 1982;
  • Физико-химические основы получения и применения катализаторов и адсорбентов из бентонитов, А.-А, 1986.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер