Шәрбану Мұхитқызы Құмарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәрбану Құмарова - 1936 жылы, ІЗ мамырда Алматы облысының Есік қаласында туған.

1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін бітіреді. Сол жылы «Қыз сыры» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. 1961 — 1966 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1966 — 1968 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968—1972 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (бүгінде «Парасат») журналында жауапты хатшы. 1972 — 1974 жылдары. М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1976—1986 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналдарында қызмет етті. 1991 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999), «Құрмет» орденінің иегері. Алматы облысы Есік қаласында Ш.Құмарова атындағы көше бар.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Қыз сыры. Әңгіме-новеллалар. «Жазушы», 1961;
  • Терезелер. Новеллалар. «Жазушы», 1964;
  • Қос шынар. Әңгіме, повесть. 1968;
  • Сәуірдің ақ таңы. Повестер. «Жазушы», 1971;
  • Қазбауыр бұлттар. Әңгімелер. «Жалын», 1980;
  • Белое утро апреля. Рассказы-новеллы, «Жазушы», 1978;
  • Қызыл қайың. Әңгімелер. «Жалын», 1979;
  • Женщине сорок лет. Повесть. «Советский писатель», 1980;
  • Өмірім менің - өнерім. Деректі роман (Шара Жиенқұловамен бірге жазылған.) «Жазушы», 1983;
  • Әйел шырағы. Повестер. «Жазушы», 1985;
  • Жердің тұзы. Әңгіме, повестер. «Жазушы», 1991;
  • Құлжа жолы. Повестер, әңгіме-эссе. «Жазушы», 1977;
  • Сезім патшалығы. Роман. 1 кітап. «Ана тілі», 2003;
  • Сезім патшалығы. Драмалық шығармалары: «Кімнің тойы» Комедия (М. Әуезов театрында Роман. 2 кітап. «Ана тілі», 2005;1977-1979 жж. қойылған).
  • «Бір бойдақтық хикаясы». (Халық театрларында қойылған);
  • «Қара сандық». Драмалық повесть;
  • «Күләш-Шара». («Өмірім менің - өнерім» кітабының желісі бойынша).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}